Ссылки доступа

Назарбаевты британ баспасөзі мақтап та, даттап та жатыр


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Лондонға сапарын британ баспасөзінің бір қатары жазды.

Мәселен, британдық ықпалды газеттердің бірі Financial Times «Қазақстан дағдарыста тұрып, жекешелендіру жөніндегі амбициялық жоспарын жүзеге асырмақшы деп жазды. Өзге Guardian басылымы болса, Қазақстандағы адам құқықтары жағдайын сынға алған. Онда «қазақ лидерін Ұлыбритания қабылдамауы керек еді» делінген.

Соңғы мақалада сонымен бірге «британдық бизнес Қазақстанмен тығыз байланысу арқылы өздеріне пайда әкелуі мүмкін, бірақ ондағы кедейлік пен әрі қарайғы репрессияға үлестерін қосып, диктатураны нығайта түсетін болады» деп жазылған.

Британдық Express газетінің сынына Елизавета Екінші ханшайым да түскен. Ондағы мақала «Ханшайым қазақ диктаторымен бірге түскі ас ішті, диктатордың туысы ханзада Эндрюдың үйін өзінің құнынан үш миллион фунтқа артық ақшаға сатып алды» деген мазмұндағы мақала жарық көрген.

XS
SM
MD
LG