Ссылки доступа

Қырғызстанда қамалғандарды «қызылдар» мен «қаралар» деп бөледі


Қырғызстанның мемлекеттік жазасын өте мекемесі қамалушыларды ауыр қылмыстары үшін және құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері үшін деп екі контингентке бөледі.

Шу облысы Молдован ауылындағы №27 жабық мекеменің жетекшісі Омурбек Кадыралиевтің сөзінше, қазір мұнда тек ғана бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкерлері ғана ұсталады.

- Біз оларды арнайы мекемеде ұстаймыз. Бұл бөлім «қызыл зона» деп аталады. Біз олардың қауіпсіздігін ойлаймыз. Себебі, оларды өзге қамалушылармен бірге отырғызсақ, әрине бұрынғы милиция қызметкерлерін «алақандарын ысқылап тұрып қарсы алады». Сол себептен біз «қызыл» және «қара» деп бөлеміз», - дейді ол.

XS
SM
MD
LG