Ссылки доступа

Душанбеде әскери комиссариат қызметкерлеріне шабуыл жасалды


7 қарашада сағат 07.20 шамасында белгісіз біреулер Душанбенің Дехоти көшесінде шиеленіс нәтижесінде Сино ауданының төрт әскери комиссариат қызметкеріне қастандық жасап, жасырынып үлгерген.

«Майор Пулод Мирзоев ауыр дене жарақатынан сол жерде қаза тапқан. Өзгелері ауыр дене жарақатымен ауруханаға түскен. Бірқатар уақыт өткен соң ауруханада прапорщик Хамза Насибов қайтыс болған. Шабуыл жасағандарды анықтау үшін арнайы операция жұмыс істеп жатыр », - деп хабарлайды Тәжікстанның ІІМ.

XS
SM
MD
LG