Ссылки доступа

ББ: ғаламдық жылыну миллиондаған адамның азып-тозуына әкеледі


Бүкіләлемдік банктің мәліметі бойынша, ғаламдық жылыну салдарынан теңіздердің деңгейлері көтеріліп, олардың жағасында өмір сүретін жүз миллиондаған адамның азып-тозуына әкелуі мүмкін.

8 қарашада жарияланған есеп бойынша, бірқатар адамдарға климаттың өзгеруі кәдімгідей әсер етіп жатыр.

«Олар көп нәрсені жоғалтады, оларда қаржы мен әлеуметтік қорғану жүйесі жоқ, оларға табиғат өзгерістеріне төтеп бере алатындай жағдай жасау керек» делінеді есепте.

Баяндама авторларының мәліметі бойынша, 2030 жылға қарай кедейшілік саны жүз миллионнан асып түсуі мүмкін.

30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Парижде БҰҰ-ның климаттың өзгеруіне байланысты арнайы конференциясы өтеді.

XS
SM
MD
LG