Ссылки доступа

Қырғызстанда тауар алмасу бәсеңдеуі байқалады


Қырғызстан экономика министрлігінің мәліметі бойынша 2015 жылдың қаңтар айынан қыркүйек айына дейін тауар айналымы2,6 процентке бәсеңдеген. Импорт 22 процентке төмендесе, экспорт 15 пайызға азайған.

Басты себептердің бірі ретінде кеденнен өту мәселесінің күрделеніп кеткені айтылады. Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕЭО) мүше елдерге импортты жеткізу жеке кәсіпкерлер үшін біраз қиынға соққан. Отандық тауарлардың бәсекеге қабылеттілігі төмендеген.

Сонымен бірге тауарды ЕЭО-ға мүше елдерге тауар тасымалдау күрделі факторлардың бірі болып табылады екен.

XS
SM
MD
LG