Ссылки доступа

Ресей атлетшілерін сайыстан шығаруы мүмкін


Жеңіл атлетика федерациясының халықаралық қауымдастығы (ИААФ) ресейлік спортшыларды жарыстарға қатыстырмауға қатысты санкция салуды қарастырып жатқандарын мәлімдеді.

Оған басты себеп, ресейліктердің халықаралық жарыстарда допингті кеңінен қолдануы дейді. ИААФ президенті Себастьян Коэ Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (БДҚА) жариялаған есебінен кейін бес ресейлік спортшыға доппинг қолданғаны үшін жарыс есігін мәңгі жабуға, сонымен бірге Ресейдің профилді мекемесін тоқтату жөнінде шара қабылдауды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Санкцияға ілінуі мүмкін делінген спортшылардың ішінде Лондон олимпиадасының алтын жүлде иегері Мария Савинова-Фарносова да бар.

XS
SM
MD
LG