Ссылки доступа

201- ресейлік базаның офицері тәжік әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды


Тәжікстанның құқық қорғау органы Ресей Федерациясы қарулы күштерінің лейтенанты Иван Щербаков тәжік азаматшасы Ш. Джабборованы өлтірді деген күдікпен тұтқындалды деп хабарлайды.

Ресейлік офицер 9 қарашада ұсталған, оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сино -1 ішкі істер органы қылмыстық оқиға 5 қарашада болғанын айтады. Құрбанның туыстары милицияға шағымданғаннан кейін қылмысты 9 қарашада ашқан.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, тергеу барысында аға лейтенант Иван Шербаков "әйелді ішімдікке мас болып өлтіргенін, есінде ешнәрсе жоқ екенін айтқан".

XS
SM
MD
LG