Ссылки доступа

ББ: Қырғызстан экономикасы ОА елдеріндегі дағдарысқа қарамастан тұрақтылық сақтап келеді


Қырғызстан экономикасы соңғы сегіз айдың қорытындысы бойынша, экономикалық тұрақтылықты сақтаған. Осылай деп Бүкіләлемдік банктің жарты жылдық қорытындысында айтылады.

Орталық Азия елдеріндегі экономикалық күйзеліске қарамастан Қырғызстанда экономикалық өсім қаңтар, тамыз айларында 6,8 процентті құраған.

Ақпаратқа сәйкес, алтын өндіру 46 процентке өскен. Алайда соңғы айда алтын өндіру едәуір бәсеңдеген. Мұны аймақтағы валюта бағамының тұрақсыздығымен байланыстырады. Инфляция деңгейі тамыз айындағы көрсеткіш бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда 10,5 проценттен 5,8 процентке азайған.

XS
SM
MD
LG