Ссылки доступа

Тәжікстан СІМ Ресей елшісіне нота жіберді


10 қараша күні Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі Ресейдің осы елдегі елшісі Игорь Лякин-Фроловтың атына нота жіберді. Онда ресейлік әскери базада қайтыс болған тәжік азаматшасының өлімін жіті тексеру талап етілген.

Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында көрсетілгендей, елшімен кездесу кезінде тәжік тарапы болған оқиғаның екі елдің дәстүрлі достық рухына және стратегиялық қарым-қатынасына сәйкес келмейтіндігін айтқан.

Нота жіберілуіне себеп болған оқиға 201-ресейлік базаның аға лейтенанты Иван Щербаков тәжік азаматшасы Шоира Джабборованы өлтірді деген күдікпен ұсталғаны. Марқұмның туыстарының айтуынша, күдікті оны өлтірген соң әсери базаның маңындаңы қоқыс жәшігіне тастап жіберген.

XS
SM
MD
LG