Ссылки доступа

ММУ студенті ИМ-мен байланысы барын мойындаған


Мәскеу мемлекеттік университетінің студенті Варвара Караулова сот барысында Ресей аумағында тыйым салынған «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен байланысы бар екенін мойындаған.

Бұл жөнінде Карауловадан жауап алу хаттамасын жариялау барысында белгілі болған.

10 қарашада Карауловаға ИМ-ға қосылмақ болды деген ресми айып тағылды. Тергеу барысында ол екі адвокаты — Александр Носков пен Александр Карабановтардың қызметтерінен бас тартқан. Соңғысы қорғауындағы Карауловаға тергеу изоляторында қысым болған деп пайымдайды.

28 қазанда Мәскеудің Лефортов соты Варвара Караулованы 23 желтоқсанға дейін қамауда ұстау жөнінде шешім шығарған. 2015 жылдың маусым айында ол Сирияға кетіп, "Ислам мемлекеті" тобына қосылмақшы болған.

ММУ студенті үстіміздегі жылдың мамыр айында жоғалып кеткен. Маусым айының басында түрік-сирия шекарасында ұсталған.

XS
SM
MD
LG