Ссылки доступа

Алматыда ұшқыш Талгат Бигелдиновке арналған құрмет тақтасы ашылды


Алматыда екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, екі мәрте Совет одағының батыры, ұшқыш Талғат Бигелдиновке арнап құрмет тақтасы ашылды. Ол Қонаев көшесінің бойында батыр тұрған үйге ілінді.

Талғат Бигелдинов 1922 жылдың 5 тамызында Ақмола облысы Майбалық ауылында туып-өскен. 1943 жылы Орынбордағы әскери авиациалық училищені аяқтаған соң, Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанады. Ол 305 рет соғыс ұшағымен соққы берген. Генерал-майор Талғат Бигелдинов 2014 жылдың 10 қарашасында 93 жасында Алматыда қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG