Ссылки доступа

Петербургте Умарали Назаровтың өліміне қатысты тыңдау басталды


Петербургтің қалалық сотында бес айында қайтыс болған тәжік нәрестесі Умарали Назаровтың ісін тыңдау басталды.

Іс кәсіби қызметтерін атқару кезінде абайсыздық танытып, адам өліміне әкелді деген бап бойынша қозғалған.

Умаралидің өлімі қоғамда айтарлықтай резонанс туғызды. "Права для всех" тобының белсенділері бір кісілік сериялы акцияларын өткізіп, істің жан-жақты тергелуін талап еткен болатын.

13 қазанда миграциялық заңды бұзды деген айыппен сәбиді анасынан тартып алынған. Бірнеше сағаттан кейін сәби ауруханада қайтыс болған.

11 қарашада талдау қорытындысы сәбидің өлімі вирусты инфекцияның салдарынан жүрек соғысының жетіспеушілігіне әкелген деген қорытынды шығарған.

Умаралидің ата-анасы Тәжікстан азаматтары Зарина Юнусова мен Рустам Назаров сот медициналық талдау нәтижесімен келіспейді. Балаларының осыған дейін сау болғанын айтады.

XS
SM
MD
LG