Ссылки доступа

Қазақстанда "Менің атым Нұрсұлтан" байқауы өтпекші


Қазақстанда бірінші президент күні қарсаңында "Менің атым Нұрсұлтан" байқауы жарияланды. Байқауға қатысушылар қысқаша түрде өзінің есімінің мағынасын түсіндіріп берулері тиіс.

Байқауды ұйымдастырушы "Қазконтент" өкілі Алтынбек Құмырзақұлының сөзінше, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар мен құрмет грамоталары күтіп тұр. Байқауға 5 жас пен 30 жас аралығындағы Нұрсұлтандар қатыса алады екен.

Демократияны дамыту жөніндегі орталықазиялық орталықтың директоры Толғанай Үмбетәлиева байқауды жағымпаздану мен жеке басқа табынудың белгісі деп түсіндіреді.

2012 жылдан бері 1 желтоқсан Қазақстанда Бірінші президент күні ретінде аталып өтіледі.

XS
SM
MD
LG