Ссылки доступа

Қырғызстанда 1916 жылғы қырғыз геноцидін мойындауға шақырады


Ресей патшалығының 1916 жылы қырғыз халқына қарсы жасаған геноцидін республика деңгейінде мойындау керек.

Осындай ұсыныс Бішкекте өткен ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. Мұны ұйымдастырғандар Қырғызстандағы қайғылы оқиғаларды зерттейтін қоғамдық ұйым.

Бұл оқиға Қырғызстанда Уркун оқиғасы деп аталады. Айта кету керек үстіміздегі жылдың мамыр айында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Уркун оқиғасының 100 жылдығына дайындалу жөнінде жарлығы шыққан болатын. Бұл күнді Қырғызстандағы ғасыр қасыреті деп атау жөнінде ұсыныстар да түскен.

XS
SM
MD
LG