Ссылки доступа

Өзбекстанда саяси тұтқын Жураев бостандыққа шықты


Өзбекстанда 21 жыл түрмеде отырған саяси тұтқын Мурод Жураев бостандыққа шықты. Бұл туралы бүгін Азаттыққа Өзбекстандағы "Эзгулик" қоғамдық ұйымының өкілі Васила Иноятова хабарлады.

Өзбекстан парламентінің бұрынғы депутаты, Қашқадария облысы Мубарек қаласының бұрынғы мэрі Мурод Жураев 1994 жылы қыркүйекте қамауға алынып, кейін "мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды" деген айыппен 12 жылға сотталған. Бірақ жаза мерзімі аяқталар кезде өзбек билігі түрлі себеппен оған қосымша айыптар тағып, түрмеде ұстау мерзімін ұзартып келген. Саяси тұтқын Шыршық қаласындағы 64/6 түрмесінде отырған.

10 қарашада "Эзгулик" ұйымының өкілдері Мурод Жураевтың жағдайын білу үшін 64/6 түрмесіне барған. Белсенділер Өзбекстан ішкі істер министрлігінің жазаны атқару бас басқармасына өтініш жазып, билікті адамгершілік пен қылмыстық-атқару заңнамаларындағы гуманизм принциптеріне сүйеніп Жураевты босатуды сұрағанын хабарлаған. "Эзгулик" ұйымы Мурод Жураев босатылса оның "мінез-құлқы мен тәртібінің дұрыс болатынына және заңдарға бағынатынына" кепілдік беретінін білдірген.

XS
SM
MD
LG