Ссылки доступа

Михаил Федотов: Умаралидің анасын елден қуып жіберу қылмыстық істі тергеуді қиындатады


Ресей президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі кеңес Санкт-Петербург қалалық сотының қайтыс болған тәжік сәбиінің анасын елден шығару жөніндегі шешіміне қарсылық білдірді.

Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі кеңестің төрағасы Михаил Федотов Зарина Юнусованы елден шығару жөніндегі шешімді күшіне қалдырып, бірақ Умарали Назаровтың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанша кейінге қалдыру керек еді деген. Ол бұл жөнінде 12 қарашада "Эхо Москва" радиосына берген сұхбатында айтқан.

Федотов сонымен бірге, сәбидің анасын Ресейден шығару тергеу ісіне кедергі болатынын атап өтті.

13 қазан күні жергілікті полиция өкілдері миграциялық заңды бұзды деп бес айлық сәбидің ата-аналарын тергеу учаскесіне апарып, ал нәрестені анасынан айырып алған. Бірнеше сағаттан кейін сәби ауруханада қайтыс болған. Сот медициналық талдау нәтижесі бойынша, сәби инфекциялық аурудың нәтижесінде қайтыс болған. Алайда ата-аналары бұл уәжбен келіспейді.

XS
SM
MD
LG