Ссылки доступа

ТМД елдері Ауғанстанмен шекараны күштейтпекші


ТМД елдері қауіпсіздік шараларын қолға алу үшін Ауғанстанмен шекараны күшейтеді деп мәлімдеді ТМД елдері шекара әскеріне қолбасшылық етуші үйлестіру қызметі кеңесінің төрағасы Александр Манилов. Бұл жөнінде Интерфакс хабарлады.

Атап айтқанда негізінен көмек Тәжікстанға берілмекші. Арнайы қызметтің өкілдері Тәжікстан әскерін қайта дайындықтан өткізеді, кеңес береді деп атап өткен Александр Манилов.

Алайда бұл ресейлік әскердің тәжік-ауған шекарасына оралуы күн тәртібінде тұр деген сөз емес. Көмек сонымен бірге Қырғызстанға да беріледі деп түсіндіреді Манилов.

Бүгінде ТМД елдері мен Ауғанстан шекарасында 4,5 әскер жұмылдырылған. Олар Тәжікстан, Түркіменстан шекарасына жылжымақ.

XS
SM
MD
LG