Ссылки доступа

Қырғызстанда тұтқындары қашқан түрменің бұрынғы басшысы ұсталды


Қырғызстанда 9 қауіпті қылмыскер қашқан №50 тергеу изоляторының бұрынғы басшысы Имаш Телтаев тұтқындалды деп хабарлайды бас прокуратура. Ол уақытша тергеу абақтысына жабылған.

Телтаев түрмеден сотталушылар қашқаннан кейін бірден қызметінен босатылған.

Еске сала кетейік, 12 қазанда Шу облысының тергеу изоляторынан өте қауіпті қылмыскер делінген тоғыз тұтқын қашқан. Оларды ұстау барысында төрт түрме қызметкері қайтыс болған. Милиция олардың бесеуін ұстаса, төртеуі жасырынып үлгерген. Бірақ кейінірек, үшеуі ұстау кезінде қайтыс болса, біреуі қолға түскен.

XS
SM
MD
LG