Ссылки доступа

Париж қазағы терактіден кейін тексерістің күшейгенін айтады


Парижде тұратын этникалық қазақ Франция астанасында орын алған терактіден кейін жағдайдың қиындап кеткенін айтты Азаттыққа берген сұхбатында.

Соңғы 25 жылдан бері франсуз астанасында тұрып келе жатқан 66 жастағы Абдулсамет Алтай «жергілікті тұрғындарда мұсылмандарға деген көзқарас өзгерді» дейді.

«Жылдың басында «Charlie Hebdo» сатиралық журналына шабуыл жасалғаннан кейін, полиция өкілдері мешіт жанында, вокзал жанында адам көп жиналатын орындарда тоқтатып, құжаттарды жиі тексере бастады. Енді әскерлер саны көбейіп кетті, бұл бізге мұсылмандар үшін қиын болды. Жыл басында болған жарылыстан кейін мешітке келушілер саны да азайып кетті», - дейді Алтай.

Францияда 13 қарашада орын алған терактіден кейін үш күн қаралы күн ретінде жарияланды. Францияның барлық аймағы соңғы ондаған жылдан бері бірінші рет төтенше жағдайға көшті. Шекаралар уақытша жабылған. Арнайы қызмет өкілдерінің өкілеттіктері кеңейді.

XS
SM
MD
LG