Ссылки доступа

Умаралидің анасы: Тергеу ісін әділ өткізбес үшін мені депортациялады (Видео)


Қайтыс болған бес айлық Умарали Назаровтың анасы Зарина Юнусова 16 қараша күні таңертең Душанбеге келгеннен кейін, оны Ресейден тез арада Тәжікстанға депортациялауының себебі сәбиінің өліміне қатысты әділ тергеу жүргізбес үшін жасалды деп мәлімдеді.

Юнусова Ресей билігі жүргізген сот-медициналық талдау сараптамасының нәтижесі негізсіз деп есептейді. Онда Умаралидің өлімі инфекцияның салдарынан болды деген түйіндеме жасалған. «Умарали полиция қызметкерлері алып кеткенге дейін сау болатын. Үнемі дәрігердің қарауында болды», -деді ол.

16 қараша күні таңертең Душанбе әуежайына Санкт-Петербургтен «Сомон Эйр» әуекомпаниясының ұшағы келді. Бортта Ресейден шығарылған Зарина Юнусова болды және оның бір ай бұрын қайтыс болған бес айлық сәбиінің денесі де әкелінген.

XS
SM
MD
LG