Ссылки доступа

Тәжікстанда бойжеткенді өлтірді деген офицер Екатеринбургке экспертизаға жіберілген


Душанбенің 22 жастағы тұрғыны Шоира Джобированы өлтірді деп айыптылған Тәжікстандағы 201-ресейлік әскери базаның офицері Иван Щербаковқа экспертиза жасау үшін Екатеринбургке жіберілген.

Бұл ақпаратты Озоди радиосына (тәжік қызметі) тергеу органының ақпарат көзі хабарлаған. Оны сараптама ісі аяқталған соң, қайта Тәжікстанға жеткізеді екен.

Ақпарат көзі Щербаков марқұм Джобироваға сексуалдық зәбір көрсетпеген дейді.

«Екеуінің арасында ақша төлеу жөнінде келіспеушілік болған. Нәтижесінде Щербаков қызға қатты соққы берген. Осыдан кейін Шоира оның үстінен арыз жазбас үшін оны өлтіріп, денесін қоқыс жәшікке тастаған», - дейді ақпарат көзі.

Марқұмның туысының айтуы бойынша, офицер Иван Щербаков қызды өлтіргенін мойындаған.

XS
SM
MD
LG