Ссылки доступа

"Ислам мемлекеті" тобы Вашингтонға терактімен айбат көрсетті


"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы дүйсенбі күні интернетке франсуз астанасындағыдай Вашингтонға да террористік акті ұйымдастырамыз деген видеожазба салған.

Экстремистердің бірі 12 минөттік жазбада "АҚШ басқаратын коалиция Ирактағы ИМ-ді атқылап жатқаны үшін, мұсылмандарға батысқа соққы беру керек" деген мазмұндағы сөздер айтқан.

"Ислам мемлекеті" тобының мүшелері Парижде 13 қарашада жүзден астам адамның өмірін алып кеткен терактіні мойындарына алған.

Мұның алдында аталған ұйым 31 қазанда 224 адамның өліміне себеп болған Египеттегі ұшақ жарылысын да "біздің қол" деген болатын.

Өткен аптада Reuters ИМ жақын күндері Сирияда әскери операциясын жалғастырып жатқан Ресейге теракті жасаймыз деп қауіп төндіруде деген ақпарат таратқан.

XS
SM
MD
LG