Ссылки доступа

Борис Немцовты өлтірді деген Руслан Мухудиновты Дубайдан іздемек


Мухудиновке Борис Немцовты өлтіруді ұйымдастырды деген айып тағылды. 18 қарашада сот оны сырттай тұтқындау мәселесін қарайды.

Шешенстан ІІМ "Север" батальонының бұрынғы әскери қызметкері Руслан Мухудиновқа халықаралық іздеу жарияланды. Оны Дубайдан іздейтін болады деп хабарлайды "Коммерсантъ". 18 қарашада Мәскеудің Басман соты Мухудиновты сырттай тұтқындау мәселесін қарайды.

Тергеу ісі Мухудиновты көктемде Біріккен Араб Әмірлігіне қашып кетті деп пайымдайды. Оның танысының бірі басылымға, Дубайда отбасы бұрыннан бері тұратынын айтқан. Мухудиновтің өзі бұрын Дубайда тұрған. Кәсіпкерлікпен шұғылданған. Алайда қаржылық жағынан проблема болып, Ресейге келіп, өзінің танысы "Север" батальоны командирінің орынбасары Руслан Геремеевтің жүргізушісі болып жұмыс істейді. Тергеу ісі Геремеевтің өзі Немцовты өлтіруге тапсырыс беруі мүмкін деп болжам жасаған.

Борис Немцов 28 ақпанда Кремль жанындағы Большой Москворецкий көпірінде өлтірілді. Қылмыстық іске қатысты Шешенстанның бес азаматы ұсталған. Олардың бәрі өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды.

XS
SM
MD
LG