Ссылки доступа

Қырғызстанның туроператорлары Лондоннан жаңа келісім-шартпен келді


Қырғызстанның төрт туристік компания өкілдері Лондонда жыл сайын өтетін әлемдегі туристік индустрия саласындағы беделді World Travel Market (WTM) көрмесіне қатысып келді.

Қырғыз туристік операторларының ассоциация (ҚТОА) мүшелері қуатты әріптестерімен кездесу өткізіп, халықаралық туристер жайын талқылап, әлемдік нарықты үйреніп, бірқатар еуропалық әріптестермен келісімге отырды деп хабарлайды АҚШ-тың Қырғызстандағы елшілігінің баспасөз қызметі.

"WTM халықаралық көрмесіне қатысу арқылы Қырғызстан компаниялары шетелдік туроператорлармен әріптестіктерін кеңейтуге мүмкіндік алды", - деді көрмеге қатысушылардың бірі Алия Кыдырмаева.

ҚТОА мүшелері– "NoviNomad Travel Company", "Tien-Shan Travel", "Edelweiss" және "Аксай Трэвел" компаниялары 85 кездесу өткізген. Олардың елуімен әріптестік жөнінде келісімге келген.

XS
SM
MD
LG