Ссылки доступа

Бүкіләлемдік банк: Тәжікстанның экономикалық өсімі 4,2% қысқарған


Бүкіләлемдік банк Тәжікстан экономикасының биылғы жылы 4,2 процентке қысқарғанын айтады

Мұның себебін мигранттардан келетін ақшаның азайып кеткендігімен, Тәжікстанның басты экспорты болып табылатын мақтаның және алюминий бағасының түсіп кеткенімен байланыстырады. Бұл жөнінде 17 қарашада Душанбеде өткен конференцияда Бүкіләлемдік банк өкілі мәлімдеді.

Осындай қиын кезеңде Бүкіләлемдік банк Тәжікстан билігіне шағын кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасап, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына мүмкіндік беру жөнінде ұсыныс айтты.

Тәжікстан Ұлттық банкінің ақпараты бойынша, алғашқы жарты жылдықта шетелде жұмыс істеп жүрген еңбек мигранттарынан 289 миллион доллар көлемінде ақша түскен.

XS
SM
MD
LG