Ссылки доступа

Қырғызстанда «Мигрантқа қоңырау» акциясы жүріп жатыр


Қырғызстанда Ош облысының Кара-Кульджа, Алай және Араван аудандарында «Мигрантқа қоңырау» акциясы өтіп жатыр. Аймақ тұрғындары Ресейде, Қазақстанда жүрген туыстарына қоңырау соға алады.

Акцияға шақырылған заңгерлер тұрғындарға шетелге ақша тауып, жұмыс істеуге шыққан кезде, білуге тиісті мигранттардың құқықтары мен міндеттері жайында ақпарат беріп жатыр.

Айтып өту керек, мұндай акция 16 қарашада Жалал-Абадта болған. Енді Баткен облыстарындағы Баткен және Лейлек аудандарында да өтпекші.

Акцияны ұйымдастырушылар АКОС сотрудничества, «Интербилим», ISEDA, «Инсан Лейлек» қоры және «Мехр Шавкат» компаниялары.

XS
SM
MD
LG