Ссылки доступа

Бішкектегі "Хаятт Ридженси" отелінен бомба табылмады


Бішкектегі "Хаятт Ридженси" отеліне бомба қойылды деген ақпарат расталмады. Осылай деп Азаттықтың қырғыз қызметіне елдің ІІМ хабарлады.

Мекеменің мәліметінше, отель қызметкерлері кіре берісте күмәнді жәшік жатыр деп милицияға хабарлаған. Саперлар бірден отелге барып, тексергенде, жәшіктен қоқыс шыққан.

Ішкі істер басқармасының берген ақпараты бойынша, бүгін таңертең 9.50 шамасында кезекші милицияға бомба қойылғаны жөнінде ақпарат түскен. Осыдан кейін отель милиция тарапынан қоршауға алынған.

Бүгінде Қырғызстанның күш құрылымдары Париждегі терактіден кейін, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG