Ссылки доступа

Тәжік парламентінің тең жартысы қант диабетімен ауырады


​Тәжікстан парламенті мәжілісінің төрағасы Шукурджон Зухуров қант ауруымен ауыратындарды тегін емдеу үшін мемлекет бюджетінен инсулинге ақша бөлу керектігін айтты.

18 қараша күні парламентке келген қаржы министрі Абдусалом Курбониёнге диабет тақырыбын көтерген спикер, «депутаттардың тең жартысы қант диабетімен ауырады» деді.

Тәжікстанда қант диабетімен ауыратындар саны орта есеппен 34 мың екен. Олардың бәрі инсулинді қажет етеді. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Насимджон Олимов депутаттардың сұрағына жауап бере келіп, қажетті инсулинді сатып алу үшін, оларға кемінде 5 миллионов сомони керек екен, бірақ ондай қаражат министрлікте жоқ деді.

XS
SM
MD
LG