Ссылки доступа

Тергеу ісі Обидхонға қастандық Тәшкент тапсырмасымен жасалды дейді


17 қарашада Швеция прокуратурасының тергеушісі Остершунд қаласындағы сотта танымал өзбектің дін маманы Обидхон қари Назаровқа жасалған қастандыққа байланысты қорытынды айыптауын ұсынды.

Тергеуші Кристер Петерсонның сөзінше, имамды өлтірмек болды деп күдіктелген Юрий Жуковский тапсырманы Өзбекстан билігінен алған.

37 жастағы Юрий Жуковский үстіміздегі жылдың 25 тамызында Ресейден Швецияға экстрадицияланған.

Еске салып өтейік, өзбектің танымал дін маманы, ресми Ташкенттің ашық қарсыласы Обидхон қари Назаровқа 2012 жылдың 22 ақпанында шведтің Стромсунд қаласында шабуыл жасалған. 57 жастағы Назаров әлі күнге дейін ауыр халде ауруханада жатыр.

Назаров 1997 жылдан бері Өзбекстанның арнайы қызметі тарапынан іздеуде. 2006 жылдың наурыз айында БҰҰ босқындар жөніндегі жоғарғы комиссарының басқарма өкілі Назаровқа босқын мәртебесін беріп, Швециядан саяси баспана ұсынған.

XS
SM
MD
LG