Ссылки доступа

Ресей Батыстан Асадтың билікте қалуын талап етеді


Егер Батыс "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына қарсы халықаралық коалиция құрамыз десе, Ресей Батыстан Сирия президенті Башар Асадтың кетуі жөніндегі талабынан бас тартуға талпынады. Осылай деп Ресейдің сыртқы істер министріСергей Лавров мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, террорға қарсы күресте бірігу үшін қандай да бір шарт қою мүмкін емес. Лавровтың пайымдауынша, Париждегі терактіден соң, Египетте болған ұшақ апатынан кейін Батыс позициясында өзгерістер болып жатыр. Бұл оқиғалар Еуропа мен АҚШ-тың санасына енді әсер етті дейді Ресей дипломаты.

Бірақ АҚШ пен оның одақтастары өтпелі кезеңде немесе одан кейін Асадтың отставкаға кетуін талап етуді жалғастырып жатыр. Ал Ресей болса, Асадтың кету-кетпеуін тек оның халқы шешеді деп есептейді.

Алдын сейсенбі күні Пентагонның баспасөз-хатшысы Питер Кук Ресейдің Башар Асадты қолдауы тиімсіз деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG