Ссылки доступа

Париж: терактіні ұйымдастырушы рейд кезінде өлді


Франция прокуратурасы Париждің солтүстігінде 18 қарашада жүргізілген арнайы операция нәтижесінде ел астанасындағы шабуылдардың басты ұйымдастырушысы болуы мүмкін делінген Абдельхамид Абааудтың өлгенін хабарлады.

Франция премьер-министрі Мануэль Вальс болса, елде «химиялық немесе биологиялық қару» қолданып шабуыл жасау қаупі барын мәлімдеді.

Парламентте елдегі төтенше жағдай мерзімін үш айға ұзарту туралы мәселе бойынша дауыс беру алдында сөйлеген Вальс «қандай да бір қауіп барын жоққа шығаруға болмайтынын» айтты.

Федералдық парламент алдында сөйлеген Бельгия премьер-министрі Шарль Мишель қауіпсіздікті күшейтіп, экстремизммен күреске қосымша 400 миллион еуро бөлуге уәде еткен.

13 қарашада Парижде бірнеше жерде болған терактілерден 132 адам қаза тауып, 350-ден аса адам жараланған. Полиция терактіні сегіз адам жасағанын, оның жетеуі мерт болып, біреуі қашып кеткенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG