Ссылки доступа

Қазақстан Қырғызстан шекарасынан санитарлы және фитосанитарлы бақылауды алып тастады


​Қазақстан Қырғызстанмен арадағы шекарадан санитарлы және фитосанитарлы бақылауды алып тастады. Бұл жөнінде экономика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Олардың мәліметінше, бақылауды алып тастау Қырғызстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге еркін өткізуге мүмкіндік береді.

Әзірге ветеринариялық бақылау әлі күшінде. Алдын Қырғызстанның премьер-министрі Темир Сариев қырғыз-қазақ шекарасындағы кедендік бақылаудан санитарлы және фитосанитарлы бақылауды 2015 жылдың 20 қарашасынан алып тастайтынын мәлімдеген.

Қырғызстан 2015 жылдың 12 тамызында Еуразиялық экономикалық одақтың толық мүшесі болды.

XS
SM
MD
LG