Ссылки доступа

Назарбаев: Астанаға «гүлденген Ауғанстан керек»


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада ресми сапармен келген Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездесті.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері мен өңірлік қауіпсіздік проблемалары талқыланған.

Кездесуде Назарбаев Ғаниға Қазақстан Ауғанстанның гүлденгенін, оның Ауғанстанда ұлттық үкімет құру ниетін қолдайтынын айтқан. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде Ауғанстан кезігіп отырған қиындықтар мен тәуекелдерге Қазақстанның терең түсіністікпен қарайтынын айтқан.

Биылғы жылдың алғашқы сегіз айында Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 200 миллион доллардан асқан. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Астана Кабулге гуманитарлық көмек ретінде 20 мың тоннадан астам азық-түлік жөнелткен және 20 мыңға тарта ауғанстандық студент Қазақстан университеттерінде тегін оқып жатыр. Астанада өтетін екіжақты келіссөз қорытындысы бойынша экономикалық салаларға қатысты бірнеше келісімге қол қойылады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG