Ссылки доступа

Тәжікстан тұрғыны Сирия үкіметіне қарсы ұрандатқаны үшін сотталды


Тәжікстан астанасының Исмоили Сомони аудандық соты Толиб Лоиковты Башар Асад режимін құлатуға шақырған үндеуі үшін 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

«26 жастағы Толиб Лоиков төрт жыл бұрын туыстарының көмегімен Сирияға оқуға жіберілген. Бірақ ол онда "Жайши хур" және "Жабхат-ән-Нусра" экстремистік тобының құрамына қосылады. Митингілерге қатысқан, тәжік жастарын қатарына шақырған", -дейді Исмоили Сомони аудандық сотының баспасөз қызметі.

Толиб Лоиковтың өзі сотта электронды пошта арқылы тәжік студенттерімен кездесуде "Башар Асадқа қарсы пікірлерін жазғанын" мойындайды.

Соңғы екі жылда Сирияға және Иракқа Тәжікстанның 500-ге тарта азаматы кеткен. Соңғы мәліметтерге қарағанда олардың 300-ге жуығы соғыс кезінде өлген. Елуге жуығы еліне қайтып оралған.

XS
SM
MD
LG