Ссылки доступа

Тәжікстан президентіне «Ұлт лидері» мәртебесін бермекші


Тәжікстан парламенті төменгі палатасының бір топ депутаттары президент Эмомали Рахмонға «ұлт лидері» мәртебесін беретін заң жобасын әзірледі.

Парламент мәжілісінің баспасөз хатшысы Мухаммадато Султонов Озоди радиосына заң жобасы дүйсенбі күні қаралғанын айтты. Оның сөзінше, құжатты жан-жақты талқылаудан кейін комитет пен комиссияға қорытынды шығаруға жіберілген.

Президентке «Ұлт лидері» мәртебесін беру туралы ұсыныс қазан айында көтерілген болатын. Осыдан кейін мемлеке ттік телеарналар Эмомали Рахмонды ұлт лидері деп атай бастады.

Эмомали Рахмон Тәжікстанды 1992 жылдан бері басқарып келеді.

XS
SM
MD
LG