Ссылки доступа

АФК басшысы: Қырғызстан футболды дамытуда жақсы нәтижеге жетті


Соңғы жылдары Қырғызстан футболды дамытуда жақсы көрсеткіштер көрсетіп, нәтижеге жетті.

Осылай деп Азия футбол конфедерациясының басшысы шейх Салман бин Ибрагим аль Халиф осы елдің басшысы Алмазбек Атамбаевпен кездесу кезінде мәлімдеген.

Кездесу барысында Атамбаев шейх Салман бин Ибрагим аль Халифқа Азия континентінде футболды дамытуға үлесін қосып жатқаны үшін алғысын білдірді.

Атамбаев соңғы кездері қырғызстандықтардың футболға деген қызығушылығы артқаны байқалатынын атап өтті. Бұл Қырғызстанның халықаралық аренада ойнауына мүмкіндік береді деді.

XS
SM
MD
LG