Ссылки доступа

Париж бен Лондон ИМ-ге қатысты соққыны күшейтпекші


Франция мен Ұлыбритания "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қарсы Сирия мен Иракқа әуе соққысын күшейтеді. Осылай деп Франция президенті британ премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесуден кейін мәлімдеді.

"Біз террористер әскерін барынша жоятындай соққыны күшейтеміз", - деп Франс пресс Олланданың сөздерін келтіреді.

Парижде британ премьерімен кездесуден кейін Олланд "Шарль де Голль" франсуздың әуе соғыс кемесі де Жерорта теңізіне бағытталып, ИМ кампаниясына қарсы күреске қатысатынын мәлімдеді.

Өз кезегінде Кэмерон Олландпен халықаралық терроризмге қарсы күресте ынтымақтастыуға келісімге келді. Атап айтқанда, Париж бен Лондон әуе рейстегі жолаушыларға қатысты ақпаратпен алмасады.

XS
SM
MD
LG