Ссылки доступа

Қытай Қырғызстан арқылы Иранға баратын темір жол жобасын жасады


Қытай мемлекеттік компаниясы Орталық Азия елдері арқылы Иранға қатынайтын темір жол құрылысының жобасын әзірледі деп хабарлайды China Daily басылымы.

Жоғары жылдамдыққа арналған темір жол жобасын өткен аптада болған инвестициялық форумда China Railway Corp компаниясының бас инженері Хе Хуаю таныстырды. Жобаға сәйкес, теміржолдың бағыттары былай болып келеді: Үрімші - Алматы - Бішкек - Ташкент - Самарқанд - Ашхабад-Тегеран әрі қарай батыс Азия елдеріне барады.

Егер бұл жоба салынатын болса, онда жүк тасымалдаудан болатын кіріс құрылыс шығынын жабады деп болжап отыр жобаның авторлары. Сонымен бірге бұл бағыттарда жолаушылар поезы да жүру мүмкіндігі қарастырылған. Тек қозғалыстың жылдамдығында ғана айырмашылық болады екен: жолаушылар поезы сағатына 250-300 километр жылдамдықпен жүретін болса, жүк поездары сағатына 120 километрмен жүрмек.

Жобаға әзірге не Қытай билігі не Орталық Азия елдері басшылары назарын аудармады.

XS
SM
MD
LG