Ссылки доступа

Қырым татарларының лидері қоршауды алып тастау үшін шарттарын атады


Ресей тарапынан аннексияланған Қырымға электр энергиясын жеткізу жөнінде келісім тек ғана Мәскеу билігі украиндық саяси тұтқындарды босатса ғана жүзеге асады. Осылай деп Украинаның жоғарғы рада депутаты, қырым татарларының лидері Мұстафа Джемилев мәлімдеді.

Ол сонымен бірге өзіне қатысты және қырым татарлары халқы мәжілісінің лидері Рефат Чубаровқа қатысты тыйымдарды алып тастап, адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдарды Қырымға кіргізуге шақырды.

Олай болмаған жағдайда, Джемиловтің сөзінше, Қырымды қоршау акциясына қатысушылар электр энергияны қалпына келтіруге кепілдік бермейді.

Анекцияланған Қырымның бір жарым миллион халқы Украина электр энергиясын жеткізетін екі сымды үзіп тастағалы бері жарықсыз қалды.

XS
SM
MD
LG