Ссылки доступа

Түркия: Сириямен шекарада әскери ұшақты атып түсірдік


​Түркиялық ақпарат құралдары Түркия әскери ұшақтары бүгін Сириямен шекарада елдің әуе кеңістігін бұзған "бөтен әскери ұшақты" атып түсіргенін хабарлады

Түркия қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, түркиялық F16 жойғыш ұшағы ұшақты атып түсірмес бұрын оған шекара бұзғаны жайлы ескерту берген. Ұшақ Түркиямен шекараға жақын Сирия аумағына құлаған.

Түркиялық ақпарат құралдары ұшақтың екі ұшқышы парашютпен секіріп кеткенін айтады.

Ресей қорғаныс министрлігі бүгін Сирия территориясында "Су-24" әскери ұшағының апатқа ұшырағанын, алдын ала болжам бойынша ұшақты "жерден атып түсіргенін" айтады.

Бірақ қорғаныс министрлігі Ресей ұшағының Түркия әуе кеңістігін бұзғанын жоққа шығарды.

Ресей әскери-әуе күштері бұған дейін Сирия президенті Башар асадты қолдап осы елде әуе шабуылдарын жасап келген. Өткен айда Түркия әскери ұшақтары ел аумағын бұзып кірді деп белгісіз ұшқышсыз басқарылатын аппаратты атып түсірген.

XS
SM
MD
LG