Ссылки доступа

26 қарашада алты миллионыншы қырғызстандық дүниеге келмек


2015 жылдың 26 қарашасында алты миллионыншы Қырғызстан азаматы дүниеге келмек. Бұл жөнінде Ұлттық статистикалық комитет хабарлады.

Ел премьер-министрі Темир Сариевтің тапсыруы бойынша, арнайы жұмыс тобы құрылып, алты миллионыншы қырғызстандық нәрестенің туылуын салтанатпен күтіп алмақ.

Еске сала кетейік, бес миллионыншы қырғызстандық 2002 жылы туған.

1959 жылдан 2015 жылға дейін Қырғызстан халқының саны үш есеге– 2 миллион 65 мыңнан 6 миллионға дейін көбейген деп хабарлайды «АКИpress» агенттігі.

XS
SM
MD
LG