Ссылки доступа

Тәжікстан Ресейге Сириядағы тәжік содырларының тізімін бермек


Тәжікстанның ІІМ өз елдерінде іздеуде жүрген, бүгінде Сирияда террористік ұйымдардың қатарына енген қылмыскерлер тізімін Ресейге бермекші. Олар Ресейге кіріп, жарылыстар ұйымдастыруы мүмкін.

Осылай деп Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода 24 қарашада Мәскеуде екі ел ішкі істер мекемесінің бірлескен алқасында мәлімдеді.

Ресейлік әріптесі Владимир Колокольцевтің сөзінше, екі елдің ішкі істер органы экстремизммен, терроризммен және есірткі саудасына қарсы күресте, сонымен бірге кадрлар дайындау ісінде белсенді жұмыстар атқарып келеді.

XS
SM
MD
LG