Ссылки доступа

Түркіменстанда «Орталық Азия + Жапония» диалогы өтті


Түркіменстан астанасында сейсенбі күні жоғары лауазымды тұлғалардың қатысуымен «Орталық Азия + Жапония» диалогының 10- отырысы өтті.

Өзбекстан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ашхабаттағы жиынға Өзбекстан делегациясы да қатысқан. Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Жапония сыртқы істер вице-министрлері келген.

Тараптар ауыл шаруашылығы, көлік және логистика саласы бойынша ынтымақтастық орнатып, аталған салаларға жапон технологиясын енгізуге арналған жобаларды талқылаған.

«Орталық Азия + Жапония» диалогының келесі отырысы 2016 жылы Токиода өтетін болып шешілген.

XS
SM
MD
LG