Ссылки доступа

Дариға Назарбаева саясаттағы әйелдерді отынмен теңестірді


Вице-премьер Дариға Назарбаева саясатта жүрген әйелдердің "24 сағат талмай жұмыс істесе де сынға ұшырайтынын" мәлімдеді. Бұл жайлы ол бүгін Астанада өтіп жатқан төртінші Еуразия әйелдер саммитінде айтты.

- Саясаттағы әйелдер отын секілді. Пештегі от сөніп қалмас үшін үнемі отын салып отыратын,- деді Назарбаева. Ол сонымен бірге әйелдерді "отбасында, бизнесте және саясатта жүретіндер" деп үш топқа бөлді.

"Бизнестегі әйелдер балаларын өсіреді, еріне қарайды, туыстарын күтеді. Бизнесте жүрген әйел болсаң отбасындағы қызметтен өзге бөлек балаларынды оқытасың, табысыңды молайтасың, жағдайың жақсарады. Әйтеуір бір пайда бар. Ал саясатта 24 сағат жұмыс істесең де үнемі сын естисің, саған ешқандай алғыс айтпайды" деді Назарбаева.

Еуразиялық әйелдер саммиті "Даму" кәсіпкерлікті дамыту мен президент жанындағы әйелдер және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен өтіп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, саммиттің бұл жолғы тақырыбы президенттің "Нұрлы жол" бағдарламасына арналған.

XS
SM
MD
LG