Ссылки доступа

Бакуде Хадиджа Исмаиловаға қатысты сот процесі жалғасып жатыр


Бүгін Бакудегі апелляциялық сотта журналист-зерттеуші, Азаттықтың Әзербайжан қызметінің тілшісі Хадиджа Исмаиловаға қатысты сот отырысы жалғасты. Сот отырысы судья Ильгар Мургузовтың төрағалық етуімен өтіп жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Зерттеу журналистикасымен шұғылданатын Исмаиловаға қатысты 1 қыркүйекте 7,5 жыл бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шыққан. Оған қатысты қылмыстық іс Әзербайжан билігіндегі коррупция жөніндегі зертеу мақаласы шыққаннан кейін қозғалды.

Апелляциялық шағымда оның қорғаушылары қылмыстық істі жауып, журналисті бостандыққа шығаруын талап етуде. Хадиджа Исмаилова өзіне тағылған барлық айыптарды жоққа шығарады.

Amnesty İnternational халықаралық ұйымы Хадиджа Исмаилованы "ардың тұтқыны" деп атады.

XS
SM
MD
LG