Ссылки доступа

Порошенко ЕО-дан Қырымды қайтармайынша Ресейге қарсы санкцияны алып тастамауын сұрады


Украина президенті Петр Порошенко Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкермен телефон арқылы сөйлесу барысында Украина тұтастығын сақтап, Қырымды қайтарып алмайынша, Еуропалық Одақ Ресейге қарсы санкцияны алып тастамауы маңызды екенін атап өтті.

Украин мемлекетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Порошенко Еурокомиссия президентіне Донбастағы жағдайдың беталысын баяндаған.

Еуропалық Комиссия президенті өз сөзінде украина мәселесі Еуроодақ үшін маңызды болып қала беретінін айтқан.

Батыс елдері Ресейдің Қырымды аннексиялағанын мойындамай, бірқатар экономикалық санкция енгізген. Ал Ресей болса Қырымды өздерінің басып алғанын мойындамайды, «тарихи әділдікті қалпына келтірдік» деп есептейді.

XS
SM
MD
LG