Ссылки доступа

Депутаттар қызмет көлігінен бас тартты, бірақ пәтерлерін қалдырды


Жогорку Кенеш депутаттары қызмет көлігінен бас тартты. Бірақ қызмет пәтері мен көмекші ұстаудан бас тартпады. Бұл жөнінде Азаттыққа (қырғыз қызметі) Жогорку Кенеш шығындарын оңтайландыруға байланысты жабық есік жағдайында өткен жиыннан соң, депутаттар хабарлады.

Қызмет көлігін тек парламент спикері мен оның екі орынбасары ғана пайдаланатын болды.

Осылайша, депутаттар өздеріне көмекші және кеңесші ұстап, қызмет пәтерін алып, және мекеменің арнайы курорттық сипажайына барып ем қабылдай алады.

Парламент сайлауы алдында азаматтық белсенділер саяси партия өкілдерін Жогорку Кенешке депутат болған жағдайда ерекше мәртебелерінен бас тартуға шақырған еді.

XS
SM
MD
LG