Ссылки доступа

Өзбек интерполының бұрынғы басшысының 30 көлігі тәркіленді


​Тәшкентте Өзбекстандағы Интерполдың бұрынғы басшысы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі әрі кәсіпкер, 56 жастағы Юрий Савинковқа тиесілі қымбат, сирек кездесетін көліктердің топтамасы тәркіленді.

Тәркіленген көліктердің 33-і бірнеше жыл бұрын ірі өзбек кәсіпкерлері – ДмитрийЛима мен Батыр Рахимовқа тиесілі болған екен. Бірақ олардың екеуі де біріннен соң бірі түрмеге қамалды.

Сол кезде тәркіленген көліктер Тәшкенттің автокөлік мұражайына жіберілді деп хабарланған болатын. Ресми ақпарат бойынша, Савинковтың үйінен Өзбекстанның мемлекеттік мұражайынан ұрланған оншақты картина табылған.

Өзбекстандағы Интерполдың бұрынғы басшысы Юрий Савинков үстіміздегі жылдың тамыз айында коррупциямен айыпталып, тұтқындалған.

XS
SM
MD
LG