Ссылки доступа

Сирияның солтүстігінде түрік гуманитарлық колоннасы атқыланды


Түріктің Humanitarian Relief Foundation (IHH) ұйымы Түркия шекарасы маңында Сирияның солтүсігіне қарай гуманитарлық көмекпен кетіп бара жатқан жүк көлігінің легі атқыланғанын хабарлады.

Гуманитарлық жүк оппозициялық күштің бақылауында қалған Озаз қаласындағы сириялық босқындарға арналған екен.

Твиеттер әлеуметтік желісінде жарияланған ақпараттар суреттермен толықтырып жатыр. Онда өртенген жүк көліктерін сөндіріп жатқан көріністер бар. Көліктерді кім атқылағаны жөнінде ұйымда толық ақпарат жоқ.

Ал осы уақытта түріктің Anadolu мемлекеттік агенттігі әуе соққы ресейлік ұшақтар тарапынан жасалынғанын айтады. Агенттік мәліметінше, шабуылдан 7 адам қайтыс болған, кемінде он адам жараланған. 20 жүк көлігі жойылған.

Hurriyet газеті болса, бұл сириялық биліктің әуе күштері болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.

XS
SM
MD
LG