Ссылки доступа

Эрдоган: Түркия өзінің шекарасын бұзғандардан кешірім сұрамайды


Түркия ұшақты атып түсіргені үшін өз елінің шекарасын бұзғандардан кешірім сұрамайды. Кешірімді басқа тарап сұрауы тиіс. Осылай деп Түркия президенті Реджеп Эрдоган CNN телеканалына берген сұхбатында айтты.

Алдын бейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин шетелдік елшілердің қатысуымен өткен шарада Түркия әлі де кешірім сұрамады, шығынды өтеу туралы ұсыныс да білдірмеді деген еді. Онда Путин «Мәскеу мұны ту сыртынан ұрылған сатқындық соққы» деп түсінетінін атап өткен.

Ресейдің Үкімет басшысы Дмитрий Медведев болса ресейлік Су-24 ұшағының атып түсірілгенін Түркияның Ресейге қарсы «агрессиялық әрекеті» деп түсінетінін жеткізді. Ол кейбір мекемелерге, атап айтқанда көлік, ауыл шаруашылығы, мәдениет министрліктері және кеден қызметіне Анкараға қатысты шектеуге арналған ресми құжат дайындауды ұсынды.

XS
SM
MD
LG